Оқушылар кеншілерде қонақта
Балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе мыс компаниясы Көктау ауылы мектебініңоқушылары үшін кәсіпорынның өндірістікалаңында танымдық технотур ұйымдастырды. Кеншілерге қонақ болған төртінші сыныпоқушыларының көпшілігі ата-аналары жұмысістейтін орынды өз көздерімен көруді бұрыннанармандап жүрген еді.
Экскурсия қауіпсіздік техникасы бойыншаміндетті нұсқамадан басталды. Одан кейіноқушылар өндіріс нысандарымен танысуғааттанды. Алғашқы аялдама карьердің бақылауалаңы болды. Мұнда балалар тау-кенжұмыстарының ауқымын көріп, өндірістіңкөлеміне тәнті болды.
Келесі кезекте оқушылар автокөлік және жөндеуучаскесіне барды. Олар алып техникалардыжақыннан көріп қана қоймай, көлік кабиналарынакөтеріліп, өздерін үлкен жүк көліктерініңжүргізушісі ретінде сезініп көрді.
Кәсіпорын зертханасына жасалған сапар да ерекше қызығушылық тудырды. Мамандарбалаларға кен мен дайын өнім сапасының қалайбақыланатынын түсіндіріп, бірнеше көрнекітәжірибе көрсетті.
Экскурсияның ең әсерлі сәттерінің біріоқушылардың жұмыс орындарында әкелеріменжәне аталарымен кездесуі болды. Бұл кездесубалалар үшін күннің ең есте қаларлық оқиғасынаайналды.
Технотур соңында балалар көрген-білгендерібойынша викторинаға қатысып, ең белсенді әрімұқият оқушыларға брендтік сыйлықтартабысталды. Барлық қатысушыларға дәстүрлітәтті сый – балмұздақ ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндайэкскурсия балаларға ата-аналарыныңмамандығын жақынырақ танып-білуге, заманауиөндірістің жұмысымен танысуға және өзауылдарының іргесіндегі ірі кәсіпорын қызметінкөзбен көруге мүмкіндік берді.
