Аққұдық ауылдық округінің тұрғыны НұрадинИманқұлов әрдайым нақты жоспар құрып, мақсаттарына жетіп отырады. Тау-кен өндірісіменайналысушы компанияның бас геологі кәсібін мектепқабырғасында-ақ таңдап, оған жету жолында сенімдіқадамдар жасады.
Нұрадин Иманқұлов — «Коппер Текнолоджи» тау-кенкомпаниясының бас геологі. Оның мансабы нақтыжоспарлар мен табандылық табысқа жеткізетінін анықкөрсетеді. Хромтау ауданының Аққұдық ауылында өткенбала күнінде-ақ Нұрадин болашақ кәсібін таңдап, солмақсатына нық қадамдар басты.
Осыдан 14 жыл бұрын ауылының маңында мыс кенорындарының белсенді түрде игеріле бастауы оныңалдағы өміріне әсер етті. «Коппер Текнолоджи» компаниясы жергілікті мектеп оқушыларына жұмысқаорналасып кету ықтималдығымен тау-кен кәсіптерінигерудің бірегей мүмкіндігін ұсынды. Нұрадин өзмүмкіндігін мүлт жібермеді. Рудный қаласындағыколледжді үздік бітіргеннен кейін ол серіктестік есебіненоқуын жалғастырып, жоғары геологиялық білім алыпшықты.
— Бұл жұмысқа «Коппер Текнолоджи» әлеуметтікбастамасының арқасында қол жеткіздім. 11-сыныптан кейін колледжді, кейін университетті, магистратураныбітірдім. Геология саласында дамығым келетінінтүсіндім. Қарапайым жұмысшыдан бастап, бас геолог қызметіне дейін көтерілдім, — дейді НұрадинИманқұлов.
Оның еңбек жолы геологиялық жұмыстардағы тау-кенжұмысшысы болудан басталды, кейін «Приорский»кенішінде учаскелік геолог болған Нұрадин кенорындарын зерттеуге ден қойды. Қазір ол кеніштергебаруды азайтқанымен, кеңседегі жұмысы да ішпыстырмайтынын айтады. Оның жұмысының ауқымыайтарлықтай кеңейіп, геологияны цифрландыру сияқтыжаңа технологиялар оның мамандығының ажырамасбөлігіне айналды.
— Геология — бұл жаңа кен орындарын іздеу ғана емес, сонымен қатар өндіріс сапасын бақылау және жер қойнауы қорын талдау. Қазіргі таңда жаңатехнологиялар, процестерді цифрландыру, мәліметтердіталдау үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдаланубелсенді түрде қолданылуда. Кәсіп ұдайы білімжетілдіріп отыруды талап етеді, — дейді бас геолог.
Нұрадин компания өміріне белсене қатысады. Олкорпоративтік байқауларда жеңістерге жетіп, еңбек жағдайын жақсарту бойынша жобалар қорғап, әрқашан жоғары нәтижеге ұмтылады. Ол табысты маман ғана емес, көпбалалы отбасына қамқор әке. Иманқұловтар шаңырағында екі ұл, үш қыз өсіп жатыр. Нұрадин балаларын да жауапкершілігі жоғары және мақсатқа жету жолында табанды етіп тәрбиелеп жатқанын айтады.