Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың халық алдындағы есепті кездесуі Тасөткел ауылындажалғасты.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан Тасөткелде биыл бірқатар ірі жобалар жүзеге асты. Бұл туралы есепті кездесуде ауыл әкімі Асылбек Кәдіржанұлыбаяндады. Жыл басынан бері атқарған жұмыстарға есеп берген ол осы жылы Тасөткелде инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударылғанын айтты. Ауыл көшелеріне жалпы ұзындығы 3,4 шақырым асфальт төселіп, білім ордасына автобус берілген.
— Ауыл тұрғындары үшін медициналық пункт мәселесі біршама жылдар бойы қордаланып келді. Биыл жаңа ғимаратқа көшкен дәрігерлер халық игілігі үшін қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар, Ақбұлақ елді мекенінде салынған футбол алаңының құрылысыда уақытында аяқталып, пайдалануға берілді, — деді Асылбек Баймурзин.
Аудан әкімінің айтуынша, аудандық бюджетті игеру барысында барлық ауылға асфальт жабындысын төсеу жұмыстарына басымдық берілген.
— Ауыл көшелеріне жаңа тас жол салынды. Одан бөлек, орталықта волейбол мен баскетбол ойын алаңының құрылысын аяқтаған болатынбыз. Саябаққа да абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілді, — деген Нұрхан Тілеумұратов алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, келер жылы ауыл әкімі аппараты қазіргі орналасқан жапсарлас балабақша ғимаратынан жаңа әкімдікке көшірілмек. Сондай-ақ ауылдағы мектепке дейінгі білім беру ұйымы ғимараты жөнделетін болады. Одан бөлек, алдыңғы кездесуде көтерілген жедел жәрдем көлігі мәселесі де шешілу сатысында тұр.
Кездесуде ауыл тұрғыны Серік Дүйсенов есімді ақсақал орталық көшенің жарықшамдары жиі жанып кететінін және республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолынан ауылға дейінгі күретамыр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізсе дегенөтінішін айтты. Бұл орайда аудан басшысы жарықшамға қатысты мәселе жергілікті деңгейде шешілетінін, бұл істе ауыл әкіміне ірілі-ұсақты мәселелер үнемі назарда болу қажеттігін тапсырды. Ал жол мәселесі келер жылдың жоспарына енбегенін, бұл проблема кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.