Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.
Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.
Сонымен қатар Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев арасында осында келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.
Фото: БОРТ1
Фото: БОРТ1
Айта кетелік Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккель Ақорда ауласында орнатылған тазы мүсінін көріп, таңданысын жасырмаған еді.
https://kaz.inform.kz/news/polshadagi-kazakstan-azamati-bostandikka-shikti-tokaev-sheteldk-koshbasshilarga—a8d7878e
