"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ТАУ-КЕН ІСІНЕ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ

 

Ақтөбе мыс компаниясында  жаңадан келген мамандардытехникалық мамандықтарға оқытады. Осы мақсаттакәсіпорында арнайы өндірістік оқу орталығы құрылды.

Бұл бастама жаңа қызметкерлердің өз міндеттерін қауіпсізорындауын, заманауи өндірістік процестерде тиімді жұмысістеуін және қосымша мамандықтарды меңгеруін қамтамасызетуге бағытталған.

Қазірдің өзінде 100-ге жуық адам курстан өтті. Тыңдаушыларарасында АМК жаңа қызметкерлері, сонымен қатар кәсібінөзгерткісі келетіндер де бар. Олардың пікірінше, бұл өндірістекен өндіру және байыту саласындағы білімді толықтырыпнемесе жаңа кәсіпті меңгеруге тамаша мүмкіндік.

Даниэль Қали қазір тау-кен байыту комбинатында жұмысшы. Бірақ алдына биік мақсаттар қойған. АМК мен Жұбанов  университеті арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болғандуальды білім беру бағдарламасына сәйкес ол «Пайдалықазбаларды өңдеу» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынбітіреді. Сонымен қатар ол АМК оқу орталығындағысабақтарда технологиялық процестерді үйреніп жатыр. «Меніөндірістік цикл қызықтырады. Мұндағы сабақтарға қатысуарқылы мен флотация, зауыттағы өзге де процестер туралыбіліп жатырмын.  Пайдасы ұшан-теңіз, барлығы жақсытүсіндіріледі, сондықтан кешке жұмыстан кейін сабаққакелемін», деп өз әсерімен бөлісті жас қызметкер.

Өндірістік оқыту нұсқаушысы Гүлниса Қойшекенова атапөткендей, теорияны оқыту үшін орталық өндірістік тәжірибенегізінде таңдалған оқу материалдарын пайдаланады. Педагогтар әр мамандық бойынша оқу бағдарламаларын АМК тау-кен байыту комбинатының ерекшеліктерін ескере отырыпжасады.

Оқытуда қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріне үлкен мәнберіледі. Олар өндірісте басымдыққа ие. Бұл курс бойыншаемтихан тапсыру қызметкерлердің кәсіпорында жұмысынжалғастыруының міндетті шарты.

Ләззат ӘБДІРОВА

 

ПІКІР ЖАЗУ