Темір қаласы әкімдігі мен «Темір орманшаруашылығы» мекемесі бірлесіп «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының аясындақысқы кезеңге дайындық жұмыстарын белсендітүрде жүргізді. Аталмыш акция қоршаған ортанықорғап, экологиялық тазалықты қамтамасыз етумақсатында еліміздің барлық өңірлерінде өтуде.
Қысқы кезеңге дайындық барысында ең алдымен, бұрын отырғызылған ағаш көшеттерін қорғау жәнежерді құнарландыру жұмыстары жүзеге асырылды. Темір қаласының тұрғындары мен мекемеқызметкерлері аталған жұмыстарға белсендіқатысты. Олар ағаштардың аяздан жәнезиянкестерден қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың өсіп-өнуін жақсартуға үлес қосты.
Сонымен қатар, маусымдық ағаш көшеттерінотырғызу жұмыстары да жүргізілді. Темірқаласына 100 көшет отырғызылып, орманшаруашылығы аумағына 500 көшет егілді. Сарапшылар қыста ағаш отырғызу ең алдыменқарағай, шырша, балқарағай және тағы басқақылқан жапырақты ағаштар үшін қолайлы екенінатап өтті. Жөке, шетен, үйеңкі, қайың секілдіжапырақты ағаштар да қыста отырғызғанғашыдайды.
Жалпы Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағымдағы жылы 356 мыңнанастам ағаш отырғызылды. Бұл көрсеткіш облыстұрғындарының табиғатты қорғауға дегенжауапкершілігін, экологиялық мәдениетінарттыруға қосқан үлесін айғақтайды.