"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында жүргізушілер қысқы дөңгелектермен жүруге міндетті

Ақтөбе облысының полиция департаменті Қазақстанда қыс мезгілінде көлік жүргізушілері қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті екенін ескертеді. Қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салынады.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

Ереженің негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қысқы дөңгелектерді пайдалану жол-көлік оқиғасының ықтималдығын азайтып қана қоймай, жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығын сақтайды. Автокөлік жүргізушілері өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қыста адам өмірін сақтап қалуға болатын дұрыс таңдау жасайды.

ПІКІР ЖАЗУ