"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

КЕЗЕКТЕН ТЫС 17 СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ

Аудан басшысы Нұрхан Тілеумұратов аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші отырысына қатысты. Мәслихаттың күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды.

Атап айтсақ, Хромтау қаласы мен ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы және аудан көлемінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау жөнінде шешім шығару, «мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, сонымен қатар, «аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесті дербес бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы және жас мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы баяндамалар тыңдалып, аталған салалар бойынша бөлінетін қаражатты бекіту туралы шешім қабылданды.

 Әр баяндамашы өзіне берілген регламентке сай және ауылдық округ әкімдері сайлауалды бағдарламаларының орындалуы аясында бекітілген жоспарға сәйкес жобаларды ұсынды. Мәселен, Көктөбе ауылдық округінің әкімі Арыстан Зингин ауыл көшелеріне қиыршық тас төсеу және спорт алаңдары мен ҰОС ардагерлерінің құрметіне арналған ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс жасады. Аудандық мәслихат депуттары аталған ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Сессия отырысының соңында аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов елімізде орын алып жатқан жайттарға байланысты кейбір ірі жобаларды қаржыландыру мәселесі республикалық бюджеттен қысқарылуы мүмкін екенін алға тартты. Сондықтан, кейбір атқарылатын көлемді істерді алдағы уақытта облыстық және аудандық бюджет негізінде қарастыруын назарға қойды. Аудан басшысы одан бөлек, аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселе тұрғын үй салу ережелерінде де өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Күн тәртібінде бекітілген барлық мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды. Бірлескен отырыс нәтижесінде қабылданған қаулылар оңтайлы нәтиже береді деген сенім мол.

Алмат ЗЕЙНОЛЛА

ПІКІР ЖАЗУ