"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫҢЫЗ БА?

Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Индира Аяғановамен қазір көп таралып жатқан қызылша, көкжөтел ауруларының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары турасында әңгімелескен едік.

— Қазір қызылша ауруы өршіп тұр. Ауданда эпидемиологиялық жағдай қалай?

Биылғы жылдың 24 қарашасына Хромтау ауданы бойынша қызылша ауруына күдікті 91 жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда — 41, жасөспірімдерде — 6, ересектер арасында — 44 жағдай тіркелді. Елді-мекендер бөлісінде алсақ, Хромтау қаласында — 75, Көктауда — 3, Дөң ауылында — 10, Табантал, Тассай, Никелтау ауылдарында 1 жағдайдан тіркелді.

Қазіргі күні зертханалық әдіспен расталғаны — 7 (7,6%) жағдай.

Айта кету керек, тіркелген қызылша ауруының 65,8 пайызынан (27) астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркеліп отыр. Оның ішінде егілуден бас тартуға байланысты егілмеген бала сана — 10, медициналық қарсы көрсетілімдермен егілмегені — 4 бала, вакцинация жасына жетпеген балалар саны — 13. Ересектер арасында тіркелген 44 науқастың 33-і немесе 75 пайызы — егілуден бас тартқан адамдар.

Қызылша ауруының эпидемиясына қарсы іс-шараларды жүргізу барысында 147 ошақ тексерілді. Барлығы 640 байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

— Көкжөтел де көпті алаңдатқан мәселеге айналды…

— Иә, орынды сұрақ. Биыл аудан бойынша көкжөтел ауруының 1 жағдайы 1 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.

— Аталған ауруларға қарсы қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

«Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы жаппай иммундау жүргізілуде.

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қызылшаға қарсы қосымша иммундауға жататын контингенттер белгіленді. Олар —  6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар. Осы санаттағы балаларды қосымша иммундау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның (бұдан әрі — ҚҚП) қолда бар көлемін қолдана отырып 2023 жылғы 6 қарашадан басталды және аудан бойынша барлық бала егілумен қамтамасыз етілді. Бұл ретте қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) кезеңінде профилактикалық егуді алған 6-11 айлық балалар 12-15 айға толған кезде «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес кемінде 4 апта аралықпен қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық егілуімен егіледі. 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен — осы санаттағы балаларды қосымша иммундау ҚҚП-ға қарсы вакцина партиясы түскеннен кейін – ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып, 2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады. Қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2020 жылдары және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға жатпайтын контингенттер — қызылшамен ауырған (расталған жағдаймен эпидемиологиялық байланысты зертханалық және клиникалық расталған жағдайлар), құжаттамалық растауы бар адамдар, ҚҚП вакцинасына тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша және 2023 жылы толықтыра иммундау шеңберінде егілген балалар, 2019-2020 жылдар кезеңінде және 2019 жылдан бастап эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы иммундау туралы құжаттамалық растауы бар медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

— Қызылша ауруының негізгі белгілері қандай?

—  Қызылша — дене қызуының жоғарылауымен, катаральды құбылыстармен сипатталатын жіті жұқпалы вирустық ауру, олар мұрын, тамақтың ауруы, жөтел және бет, мойын, дененің, аяқтың және одан әрі бүкіл денеге ағатын бөртпелер, ауыз қуысындағы ақ және қызыл дақтар. Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады. Қызылша ауруымен ауыратын науқас айналасындағыларға бөртпе пайда болғаннан кейін 4 күн бұрын және 4 күн өткен соң қауіпті. Ауру жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды (инкубациялық кезең).

Қызылшаға және қызамыққа қарсы екпені тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға хабарласып тегін ала аласыз.

Туындаған сұрақтар бойынша Хромтау ауданының санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасына немесе Хромтау аудандық ауруханасына хабарласуға болады.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ