"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Ауыл

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Кенді өлке Хромтау ауданында ауыл шаруашылық саласы да қарқынды дамыған.
Аудан бойынша 388 ауыл шаруашылық құрылымы бар. Оның ішінде шаруа
қожалықтарының саны — 356. Қалғандары — серіктестіктер мен акционерлік қоғам, ауыл
шаруашылығы өндірістік кооперативтері.
Шаруалар үшін маңызды міндеттің бірі — ерте көктемнен қамданып, қысқа мал азығын
әзірлеу.
Қазір қысқы мал азығын дайындау жұмыстары аудан көлемінде жүргізіліп жатыр.
Хромтау ауданы бойынша уақытша маусымдық шөп дайындау науқанына берілген жалпы
жер көлемі — 4965 гектар. Оның ішінде 4 ауыл шаруашылық құрылымына 3617 гектар
және 1348 гектар жер ауыл тұрғындарына уақытша маусымдық мерзімге берілді. Ауданда
ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Мәселен, бір ғана Бөгетсай ауылдық
округінде 52 шаруа қожалығы тіркелген. Оларда 4692 ірі қара, 5654 ұсақ мал, 1642 жылқы
бар. Ал Тасөткел ауылдық округіндегі 14 шаруа қожалығында 878 ірі қара, 3062 ұсақ мал,
667 жылқы бар. Өткен жылы мал қыстау кезеңіне 198,2 мың тонна шөп дайындалды.
Биылғы науқанда да көрсеткіш көбеймесе азаймайды, — деді аудандық ауыл
шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қойшыбай Рсалин.
Хромтау ауданы бойынша 45 580 ірі қара, 73 037 ұсақ мүйізді мал болса, 20 265
жылқы, 93 түйе және 35 067 үй құстары бар.
Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА

ПІКІР ЖАЗУ