"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарСпорт

Мейіржан Шермаханбет Азиадада грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды

Мейіржан Шермаханбет Азиадада грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды
Мейіржан Шермаханбет Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен күміс медаль ұтып алды.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Кацуаки Эндодан (Жапония) жеңіліп қалды. Есеп 3-4.

Бұл салмақтағы екі қола Сайед Даниал Сохраби мен Раззак Бейшекеевтің (Қырғызстан) еншісінде кетті.

Мейіржан (67 кг) таңертең бозкілем төрінде 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді.

Мейіржан Шермаханбет жарақатына байланысты жылдың басындағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасына қатысқан жоқ. Жазда Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде қола жүлдеге қол жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ