Республика күніне орай Ақтөбе мыс компаниясында спорттық жарыстар өтті. Командалық рух, салауатты бәсекелестік және ортақ құндылықтарға құрмет ұранымен өткен турнир қызметкерлерден құралған 10 команданы біріктірді.
Тау-кен байыту комбинатының түрлі бөлімшелері мен кеніштердің қызметкерлері арқан тарту, дойбы және үстел теннисі бойынша өз күштерін сынады. Бірден екі сайыста – дойбы мен арқан тартуда – «Весенне-Аралчинское» шахтасының командасы үздік атанды. Команда мүшелерінің бірі, ұңғушы (проходчик) Әбдімерей Әбдіхалықов жарыс туралы әсерімен бөлісті:
«Тамаша әсер алдым. Маған бәрі өте ұнады. Дойбыны көптен бері ойнамаған едім, мектепте шахмат пен дойбы үйірмесіне қатысқанмын. Бар білімімді еске түсіріп, командаға кубок жеңіп алуға көмектескеніме қуаныштымын», – деді шахтер.
Үстел теннисі турнирінде байыту фабрикасының командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесулердегі ең бастысы – достық атмосфера, жағымды эмоциялар және жұмыстан тыс уақытта да өз қабілет-қасиеттерін көрсету мүмкіндігі.
Бұл шара цехаралық спорттық ойындар жобасының бір бөлігі болды. Бұл идея қызметкерлер тарапынан ұсынылып, биыл «Зауытыңды жақсы жаққа өзгерт!» корпоративтік байқауында жеңімпаз атанды.
