Қазақстанның адами даму көрсеткіштері мен ауқымды құрылыс жоспарлары EU Reporter мақаласының тақырыбына айналды. Басылым БҰҰДБ мен БҰҰ деректерін «Халықтық құрылыс» бағдарламасының параметрлерімен қатар келтіріп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылдық «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады. Оған мұнай кірістері жинақталатын Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталмақ. Бұл жерде әңгіме мектептер, ауруханалар, емханалар, спорт нысандары, көпірлер мен жолдардың құрылысын салу туралы болып отыр. Мақалада соңғы жеті жылда Қазақстан халқы екі миллионнан астам адамға көбейгені атап өтілген. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту өсіп келе жатқан қалалар мен аудан тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін шешу үшін қажет.
Жаңа бағдарлама бұған дейінгі салынған мемлекеттік инвестицияларға иек артады. Жеті жыл ішінде Қазақстан әлеуметтік салаға шамамен 88 трлн теңге, оның ішінде білім беруге 33,2 трлн теңге және денсаулық сақтауға 15,5 трлн теңге бағыттады. Бұл елде қалаларда да, ауылдық жерлерде де мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салынды.
«Халықтық құрылысты» жүзеге асыру бүгінде басталып кетті: бірінші кезеңде құны 1,3 трлн теңгеден асатын жобалар мақұлданды. Олар жаңадан денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін, мәдениет және спорт нысандарын, инженерлік желілер мен жолдарды қарастырады.
Білім мен медицинаға салынған инвестициялардың мәні UNICEF-тің «Generation 2050» баяндамасында айқын көрсетілген. Мәселен, Орталық Азия халқының жартысынан көбі 30 жасқа толмаған. Ұйымның бағалауы бойынша, балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына қосымша инвестициялар салу 2050 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні базалық болжаммен алғанда 6-14%-ға арттыруы ықтимал. Мақалада бүгін салынған ғимараттардың құрылысы оған жұмсалған қаражатан да әлдеқайда көп әрі ұзақ уақыт пайда әкелуі мүмкін екендігі баса айтылған.
Адам дамуы көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылды. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) 2025 жылғы баяндамасына сәйкес, Қазақстан 193 ел мен аумақтың ішінде 60-шы орынға ие болды. Елдің адам дамуы индексі 0,837-ні құрап, Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі Катажина Ваверня Қазақстанда өмір сүру деңгейін арттыру, адам әлеуетін дамыту және цифрлық трансформация бағыттарында нақты ілгерілеу бар екенін атап өтті. Мақалада бұл деректер елдегі әлеуметтік өзгерістердің жалпы көрінісін сипаттайтын көрсеткіштер ретінде келтірілген.
Сондай-ақ басылымда өмір сүру ұзақтығы туралы мәліметтер келтірілген. Қазақстанда 2025 жылы ол тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары деңгейге жетіп, 76 жасқа жақындады. БҰҰ-ның салыстырмалы бағалауы бойынша Қазақстан Орталық Азияда бірінші орында. Денсаулық сақтауды дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру Қазақстанда өлім-жітімнің төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының өсуіне ықпал етті.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымға инвестициялар ұзақмерзімді экономикалық өсу мен өмір сүру сапасын жақсартуға негіз болады. Қазақстанның барлық өңірлерінде Әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың ауқымды құрылысын көздейтін «Халықтық құрылысы» бағдарламасы дәл осы тәсілге негізделген.
