"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

HALYQ ZAŃGERI

Көмектесу үшін бірігеміз!

🕘 30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

📍 Ақтөбе қаласында акция 30 мамыр күні сағат 14.00-де «Keruen City» ойын-сауық орталығының 1-ші қабатында (М. Маметова к-сі, 4) басталады (акция сағат 18.00-ге дейін жалғасады).

❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

«Халық заңгері» — мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!

ПІКІР ЖАЗУ