IT-дағдылар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 2023 жылдың тамыз айынан бастап өңірлік Aqtobe IT Hub ашылды.
Іске қосылғаннан бері 300-ден астам іс-шара өткізілді, оған 4000-ға жуық адам қатысты: мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар және кәсіпкерлер. IT Hub Enrive, Google және Freedom Corp сияқты ірі ұйымдармен серіктес.
Бүгінгі таңда хабта 20 резидент өз жобаларымен белсенді жұмыс істеуде. Медициналық, әлеуметтік және технологиялық салаларға бағытталған 17 жоба ішкі презентацияда ұсынылды және одан әрі даму сатысында тұр.
Хабта Up Stars, Beginit, She Commers, Smart city және т.б. сияқты IT саласындағы курстар мен конкурстар үнемі өткізіліп тұрады. Оларға 217 адам қатысты, оның ішінде 20 түлек кәсіпкерлік және бағдарламалау саласындағы өз жобаларын іске қосу сатысында тұр.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қараша айында цифрландыру күні аясында Ақтөбеде «Smart city» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер конкурсы жарияланды. Байқауда Ақтөбені цифрлық трансформациялау үшін 13 шешім ұсынылды.
Өңірлік хабтың 2025 жылға арналған жоспарлары:
— Митаптар, воркшоптар, олимпиадалар мен хакатондарды қоса алғанда, 100-ден астам іс-шара өткізу
— 300-ден астам қатысушыны тарту
— no code/Low Code, Startup School сияқты онлайн курстарды енгізу.
— Технологиялық бастамаларды ілгерілету үшін АКТ-форумдар ұйымдастыру.
— Стартаптарды дамытуға және алғашқы кірісті алуға бағытталған 2 инкубациялық бағдарламаны іске қосу;
— Demo Days өткізу және стартаптарға инвестициялар тартуға және олардың жобаларын масштабтауға көмектесу;
— Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылатын бизнес-бағдарламаларға қатысу үшін стартаптардан кемінде 30 өтінім тарту;
— Кем дегенде 8 компанияны Astana HUB резиденті мәртебесіне жеткізу.