"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Цифрландыру – уақыт талабы

Цифрландырудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың жұмысы жақсарып, қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бүгінде балабақшаға тіркелу, жергілікті емханаға қаралу үшін бұрынғыдай ұзақ кезекке тұрып, көп құжат жинаудың қажеті жоқ. Барлығы интернет арқылы жылдам әрі оңай жүзеге асады.

Бұл – адамдардың уақытын тиімді пайдалануға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Тіпті, «eGov» порталының мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ немесе кез келген жерде жүріп, қажетті мәселелерді шешуге болады.

Цифрлық дәуірдің осындай игіліктерін қамтамасыз етіп отырған ІТ-мамандарына алғыс білдіремін!
Қаратаева Айша, Аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер

ПІКІР ЖАЗУ