Хромтау ауданы – облыстағы ірі өндіріс орындары бар аймақ. Мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, ел дамуына үлесін қосуда. Өңірдегі тағы бір үлкен жоба – ол жел электр станциясының салынуы болып отыр.
Бұл жоба — баламалы энергетиканы дамытуға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Жел электр станциясы іске қосылса жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайын көтеруге, ауданның экономикалық дамуын арттыруға септігін тигізеді. Өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Жел энергиясы – экологиялық таза ресурс болғандықтан, ол экологиялық зиянды азайтады.
Серғазин Мақсат Қайратұлы Хромтау аудандық мәслихат депутаты