"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Пікір

ПАТРИОТИЗМНІҢ МӘНІ — ҰРАН ЕМЕС, ҰСТАНЫМ

ПАТРИОТИЗМНІҢ МӘНІ — ҰРАН ЕМЕС, ҰСТАНЫМ
— Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелер мен үшін патриотизм ұғымын тереңірек түсінуге жол ашты. Президенттің пайымынша, патриотизм — жалынды сөз бен сыртқы айқай емес, ел алдындағы жауапкершілікті шынайы сезініп, оны нақты әрекетпен дәлелдеу. «Отан алдындағы парызыңды өтеуге ұмтылмасаң, өзіңді патриотпын деудің еш мәні жоқ» деген пікірі әр азаматтың жүрегіне ой салары анық.
Шынайы отаншылдықтың тағы бір айқын көрінісі — мемлекеттік рәміздерге деген құрмет. Көк байрағымыздың ел ішінде және халықаралық деңгейде асқақтап тұрғаны халықтың бірлігі мен рухын көрсетеді. Дегенмен, Мемлекет басшысы атап өткендей, рәміздерге немқұрайлы қарауға жол берілмеуге тиіс, заң талаптары қатаң сақталуы қажет. Бұл — әрбір азаматқа жүктелген ортақ міндет. Рәмізді ілу ғана емес, оны қадірлеу, заңды сыйлау — нағыз патриотизмнің белгісі.

Қуандық Реймов,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

ПІКІР ЖАЗУ