Аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Сөздің сыры – Мұқағалиде» атты аудандық поэзия байқауы өтті.
Поэзия байқауына аудан көлемінен іріктелген 10 қатысушы қатысып, Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, поэзия әлеміндегі білімдері мен шығармашылық шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылардың өнері мен орындау деңгейінХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Айбол Сағынжанұлы, «Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қуандық Есболсынұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұсұлтан Қазиханұлынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Қопа орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Ерсерік жүлделі І орынды иеленді. ІІ орын №7 Хромтау мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ернұр Қарымсаққабұйырса, ІІІ орын Табантал орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлсезім Құмаровағатабысталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталып, жүлделі орын иегерлеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қуандық ЕСБОЛСЫНҰЛЫ
