"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жақында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары аудандық аурухана базасында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Облыс орталығынан келген мамандар жергілікті дәрігерлерге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын, техникалық оңалту құралдарын ұсыну тәртібі тақырыптарында семинар ұйымдастырды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де қозғалып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Л.ӘБДІРОВА.