"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

МАРЖАНГҮЛ ӨСІРГЕН САЛАТ ЖАПЫРАҚТАРЫ

 

 

 

 

Гидропоника тәсілімен салат жапырағын өсіруқазіргі таңда жаңадан кәсіп бастағысы келетіндерүшін тиімді әрі қолайлы бағыттардың бірі. Хромтау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана МаржангүлОспанова осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, гидропоника арқылы салат жапырағын өсірудітабыс көзіне айналдырған. Оның кәсіпкерлік жолымемлекеттік қолдаудың арқасында басталды.

Өткен жылы ол қайтарымсыз грант жеңіп алып, 1,5 миллион теңге көлеміндегі қаржыға гидропоникағаарналған бес арнайы қондырғы сатып алады. Заманауи құрылғыларды Ақтау қаласынан алдырғанМаржангүл оларды қыс бойы үздіксіз пайдаланып, тұрақты өнім алып отырған.

Әр қондырғыда 90 ұяшық бар. Сол ұяшықтарға салат тұқымын сеуіп, шамамен бір ай ішінде дайын өнімалады. Осылайша, үйден шықпай-ақ бірнеше ай ішінде600 мың теңгеден астам табыс тапқан.

Бұлгидропониканың тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіп көзі екенін көрсетеді.технологияның басты артықшылығықысқа уақытішінде, небәрі 3-5 аптада дәрумендерге бай, сапалыөнім алуға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, топырақтықажет етпейтін бұл әдіс жыл он екі ай бойы көкөнісөсіруге жол ашып, экологиялық таза өнім өндіругежағдай жасайды.

Маржангүлдің айтуынша, бұл әдіспен жұмыс істеуденегізгі талаптарытемпературалық режим, жарықжәне қоректік ерітіндінің сапасы. Өсімдіктің дұрыс өсуіүшін ауа температурасы 18-20 градус шамасындаболуы қажет. Ал тұқым көктеу кезеңінде бұдан сәлжылырақ орта тиімді. Қыс мезгілінде қосымшажарықтандыру ерекше маңызды рөл атқарады, өйткенікүн сәулесінің жетіспеушілігі өсімдік дамуына әсеретеді.

Салат жапырағының гидропоникаға бейімделгенсұрыптарының ішінде Батавия мен Афицион кеңтаралған. Батавия — ашық жасыл түсті, нәзікжапырақтарымен ерекшеленсе, Афицион ыстыққатөзімділігімен бағаланады. Бұдан бөлек, гидропоника әдісімен руккола, ақжелкен, базилик секілдікөкөністерді де өсіруге болады.

Өсімдіктің дұрыс қоректенуі үшін арнайы тыңайтқышерітіндісінің мөлшерін дәл сақтау қажет. Жарықдеңгейін тұрақты бақылау да маңызды, себебі олөсімдіктің қоректік заттарды сіңіруіне тікелей әсеретеді. Егер жапырақ жиектері ағарып кетсе, бұл артықсуару немесе температураның жоғары екенін білдіруімүмкін, — дейді кейіпкеріміз.

Маржангүл Оспанова Хромтау ауданына қарасты бұрынғы Жамбыл, қазіргі Ойсылқара ауылында дүниеге келген. Жолдасы Талғатпен 2002 жылы шаңырақ көтеріп, содан бері Хромтауда тұрып келеді. Жолдасы шахтада еңбек етеді. Ал Маржангүлдің негізгі мамандығы — экономист-бухгалтер. Ол ауыл шаруашылығы колледжін тәмамдап, кейін жоғары білім алған. Ұзақ жылдар бойы аудандық статистика басқармасында қызмет атқарған.

Алайда бірнеше декреттік демалыстан кейін ол мемлекеттік қызметтен гөрі жеке кәсіппен айналысуды жөн көрген. Осы шешімі оның жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына себеп болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында грант ұтып алып, өз кәсібін бастауға нақты қадам жасады.

Қазіргі таңда Оспановтар отбасында алты бала тәрбиеленіп жатыр. Үлкен қызы Аружан тұрмыста, ал кенжесі небәрі бес жаста. Отбасының берекесін арттырып отырған тағы бір жан — 85 жастағы анасы. Ол үнемі ақыл-кеңесін айтып, балаларының бастамаларына батасын беріп отырады.

Маржангүл гидропоникамен салат өсіруді өткен жылдың қыркүйегінен биылғы наурыз айына дейін жалғастырған. Осы уақыт ішінде тапсырыс берушілер саны артып, тұрақты клиенттер қалыптасқан. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары тарапынан сұраныс жоғары болған. Өнімін жарнамалау үшін ол әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланған.

Жаз мезгілінде нарықта көкөніс түрлері көбейіп, бәсекелестік артатындықтан, Маржангүл кәсібін уақытша тоқтата тұрған. Дегенмен бұл оның болашақ жоспарларына кедергі емес. Ол кәсібін әрі қарай дамытып, кеңейтуді көздейді.

Бүгінде Маржангүл інісімен бірге Хромтау қаласының орталығындағы ет дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Олар «Дәулет Байманов» шаруа қожалығында өсірілген жылқы, сиыр және қой етін сатумен айналысады.

Сонымен қатар, кейіпкеріміз бос уақытында өз қолымен шоқ гүл пішінінде зефир дайындап, оны да табыс көзіне айналдырып жүр.

Алдағы уақытта ол мемлекеттік бағдарламаларға қайта қатысып, кәсібін одан әрі дамытуға ниетті. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Маржангүл өз ісін сүйіп істейтін, мүмкіндікті тиімді пайдалана білетін кәсіпкер ретінде өзгелерге үлгі бола алады.

Ләззат ӘБДІРОВА.