АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасап жатыр.

Екі ел Президенттері бұған дейін шағын құрамда келіссөз жүргізді. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей Президенттері екі ел халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме бекітетіні жайлы айтты.
Сондай-ақ Кеңейтілген құрамдағы келіссөзде ҚР Президенті Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы барлық салада сенімді түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-resey-prezidentternn-keneytlgen-kuramdagi-kelssoz-903cd4e8
