Тұрғын үй секторында өрт жиі болады. Тілсіз жаудың зардабы да көп. Сондықтан Хромтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұсынған кеңестерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 101 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз, өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерін қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды.
Егер сіз есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз. Адамның үстіндегі киім жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады), үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені адамның терісі зақымданады. Тағы да бір қайталайық — тек басқа мүмкіндік болмаған кезде ғана түтінді жерден өтуге болады. Өрт кезінде түтін мен отпен қатар адамның қорқынышы да қауіпті екендігін әр өрт сөндіруші біледі.
Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті жүздеген өрт сөндіру командаларына қарағанда, өрттен көбірек сақтайды.
Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:
— ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;
— балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз, олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;
— қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;
— қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;
— бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
— газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;
— үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда балаларға үлгі көрсетіңіз. Тек балаларға деген үлкен қамқорлықтың арқасында ғана біз отпен ойнаудан шығатын өрттердің алдын алып, үйімізді, дүние-мүлкімізді және ең қымбаты — бала өмірін сақтап қала аламыз.
ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ