"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ИГІ ІСТЕРДІҢ ІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы ауданымызда жалғасып жатыр. Акцияға Хромтау аудандық мәслихат депутаттары да үн қосуда.
Жақында аудандық аурухананың бас дәрігері, депутат Мақсат Серғазин Қопа ауылындағы кембағал жанның отбасына азық-түлік апарып, қуанышқа бөледі. Әлгі отбасының отанасы маусымдық жұмыста жасайды, екі бала тәрбиелеп отыр.
Сондай-ақ, депутат мұндай қайырымдылық істі Тасөткел ауылындағы бір отбасына да жасады. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасының мұң-мұқтажын тыңдады. Анасының айтуынша, балаға жас шамасына лайықты мүгедектерге арналған электр баспалы арба қажет. Халық қалаулысы ананың бұл өтінішін ескеріп, мәселені оң шешуге ықпал ететінін айтты.
Ләззат Әбдірова

ПІКІР ЖАЗУ