Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом энергиясын пайдалану қоршаған ортаға әсерін азайтып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырады. Сондықтан, АЭС салу – біз үшін стратегиялық маңызды қадам.
Атом электр станциясы тек қана Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа экологиялық таза энергия көздерін қолдану мүмкіндігін береді. Бұл жоба ел экономикасына да серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылым мен инновацияны дамытуға жағдай жасайды.
Біз бұл жобаның маңыздылығын түсініп, халықтың мүддесіне жұмыс істеп жатырмыз. Ашық пікірталастар мен халықпен тығыз жұмыс жүргізу арқылы барлық сұрақтарға жауап беріп, қоғамның сенімін арттыру біздің басты міндетіміз деп білемін.
Аудандық мәслихат депутаты, АЭС-ті қолдау халықтық штабының мүшесі Утесинов Казбек