"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АТОМ ҚУАТЫ — ЕЛ КЕЛЕШЕГІ

Дамыған елдер атом электр станциясын салдырып, соның арқасында алға жылжып, ел экономикасына зор ықпал етіп отыр.

АЭС электр энергиясын өндіру – көмір мен газбен қуаттанатын жылу энергия станцияларына қарағанда өте арзанға түседі. Оның үстіне, еліміз уранға өте бай. Көмір мен газ орнына уранды қолданса, елімізде АЭС үшін шикізат тапшылығы болмайды. Қазір елімізде және шет елден де білім алып келіп жатқан жас мамандар жеткілікті. АЭС – Қазақстанның экономикалық және жан-жақты дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан, АЭС салу шешім дұрыс деп ойлаймын. АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан-жақты зерттеп, осындай тоқтамға келгені белгілі. Болашақта АЭС еліміздің дамуына да зор серпін әкеледі деп сенемін.

Мулдашева Бағдаш Қадыржанқызы
«Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледж» директоры

ПІКІР ЖАЗУ