"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Президент мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге жауапты комиссияның құрамын бекітті. Комиссия кешенді реформалау жоспарын әзірлеп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.

Комиссияның жұмыс органы — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Скляр Роман Васильевич — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Ерғалиев Әсет Арманұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы

Жұманғарин Серік Мақашұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі

Мәдиев Жаслан Хасенұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

Жазықбай Дархан Медеғалиұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы — Астана қаласының әкімі

Ахметжанов Марат Мұратұлы — Ақмола облысының әкімі

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы — Алматы қаласының әкімі

Ақшолақов Болат Оралұлы — Атырау облысының әкіміБаймановШахмардан Асқарұлы — Қазақстан Республикасы

Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Есімханов  Сұңғат Қуатұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары

Каринова Шолпан Таңатқызы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Смышляева Екатерина Васильевна — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары

Лукин Андрей Иванович — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіМусин Бағдат Батырбекұлы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіШайымова Айгүл Амантайқызы — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы

Айта кетейік, бұған дейін Президент «Халықтық құрылыс» бойынша комиссияның құрамын бекіткен болатын.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-memlekettk-baskarudi-reformalau-zhonndeg-komissiyanin-kuramin-bektt-b80941bc/