"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

«Дөң» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті

«Дөң» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлібек Мұстафин ұйым мүшелерімен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басым міндеттерін түсіндірді.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен маңызды бастамалар сөз болды. Сонымен қатар Жолдауда көтерілген мәселелердің қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, оларды жүзеге асыру бағыттары талқыланды.

Басқосу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұйым мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.