"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК — ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы ел дамуының өзекті бағыты ретінде жалпыұлттық бірлікті нығайтуды айқын көрсетті. Демократиялық дәстүрі қалыптасқан, азаматтық қоғамы дамыған мемлекет құру үшін билік пен халық арасындағы ашық диалог шешуші рөл атқаратыны рас. Президентіміздің айтуынша, соңғы жылдары жүзеге асқан саяси реформалар, соның ішінде митингілер туралы заңның қабылдануы, әйелдер мен жастарға арналған квотаның енгізілуі және қоғамдық кеңестердің белсенділігі қоғамның саяси мәдениетін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жауапкершілікке негізделген отаншылдықты дамыту және радикализм мен экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше мән берді. Ол демократияны күнделікті еңбекті талап ететін өмір салты ретінде бағалап, қоғамды арандатушылық пен бос уәделерден сақ болуға шақырды. Осы тұрғыдан алғанда «түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға шақырды. Бұл елдің тұрақты дамуы мен бірлігін қамтамасыз ететін негізгі ұстаным болатыны сөзсіз.

 

Ақмарал ТҰРҒҰМБАЕВА, «Amanat» партиясының аудандық мәслихат депутаты