"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Мемлекеттік қызмет жүйесін біліктікадрлармен толықтырууақыт талабынантуындаған маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына үлесқосатын салаларда кәсіби әрі жауапкершілігіжоғары мамандардың еңбек етуіхалыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуына тікелей әсер етеді. Осы бағыттағы жұмыстар Хромтау ауданында жүйелі түрде жалғасып келеді.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы Агенттікке берген тапсырмасына сәйкес жаңа тәсілдер әзірленіп, бүгінгі күні мемлекеттік қызмет туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы енгізілген өзгерістердің басым бөлігі  жастарға беріліп жатқан мүмкіндіктер екендігін атап кеткен жөн. Себебі жастар қашанда белсенді буын өкілдері екендігін ұмытпауымыз керек.

Осылайша, мемлекеттік қызмет саласында енгізілген өзгерістердің бірі – мемлекеттіктапсырыс негізінде жоғары оқу орындарынаяқтаған түлектерді оқуды аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде мемлекеттік қызметтің аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының төменгі лауазымдарына конкурссыз тікелейтағайындау. Бұл – тиісті оқу нәтижесін 3,33 GPA-дан жоғары, яғни дәстүрлі жүйе бойынша «жақсы» деген көрсеткішпен аяқтаған түлектерге берілген мүмкіндік. Осы енгізілген жаңашылдық нәтижесінде қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 60-тан астам түлек, оның ішінде Хромтау ауданы бойынша 2түлек аудандық, төменгі басшылық емес лауазымдарға конкурссыз қабылданды.

Атап айтқанда, Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша орташа 3,54 GPA мәнімен аяқтаған Досмағамбетов Медет Мұратұлы қабылданды. Аталған сала ауданинфрақұрылымын дамытуда, тұрғындарғақолайлы орта қалыптастыруда және коммуналдыққызметтердің сапалы ұйымдастырылуындамаңызды рөл атқарады. Сондықтан бұлбағыттағы жұмыстарға тың серпін беретінмамандардың келуіуақыт сұранысынантуындаған қажеттілік.

  Сонымен қатар, Хромтау аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімініңбас маманы лауазымына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Кадастр» мамандығы бойынша орташа 3,62 GPA мәнімен аяқтаған Олжабаева Мерей Ерболқызы тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы саласыауданэкономикасының негізгі тіректерінің бірі. Жерқатынастарын тиімді реттеу, аграрлық бағыттағымемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жәнешаруалармен тығыз байланыс орнатуүлкенжауапкершілікті талап ететін жұмыстардыңқатарында.

Жаңадан қабылданған жас мамандардыңмемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамдарынасәттілік тілей отырып, олардың кәсіби білімі мен тың бастамалары ауданның дамуына өз үлесінқосады деп сенеміз.

Бүгінде мемлекеттік қызмет саласындажаңашыл ойлайтын, халықпен ашық жұмысістейтін және өз ісіне адал мамандарға үлкенсенім артылып отыр.

Кадрлық әлеуетті нығайтуперсоналдыбасқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) жұмысының басты басымдықтарының бірі. Алдағы уақытта да ауданның түрлі салаларынабілікті жастарды тарту арқылы мемлекеттікқызметтің сапасын арттыру бағытындағыжұмыстар жалғасын табады.

Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Осылайша қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. Ал жас буын өкілдері мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады деген үміт пен сенім үлкен.

«Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің

персоналды басқарудың бірыңғай

қызметінің (кадр қызметі)

бас маманы Ұ.Сарсенбай