"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Хабарландыру

ҚОҚЫС БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАҒЫЛМАСЫН!

Қоқысты бақылаусыз жағу жағдайлары қазіргі таңда көп кездеседі. Осындай жағдайлар әдетте қоқысты үйіндеу және жағу кезіндегі талаптарды бұзу салдарынан туындайды.

Ескеріңіз: Сіз аулаңызға қоқыс жаққанда, жанған қоқыстың түтіні мен иісі көрші тұрған тұрғындарға зиян келтіріп, тыныс алу жолдарымен ауыратын адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес, қоқысты жағу тек ашық аумақтарда, желсіз күндерде әртүрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтықта және алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Ауданда ауыл шаруашылық, мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, шөптің самтығын жағу көп орын алатыны анық. Осындай құрғақ шөптерді жаққанда арты үлкен алапат өртке әкелуі ықтимал. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек. Қоқыс тек күндізгі уақытта тұрақты бақылау болған жағдайда ғана жағылуы қажет. Қоқыс жағылғаннан кейін отқа су құйылып мұқият өшірілуге тиіс. Өшірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйымм салынады.

Хромтау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!

Ашық алаңдардағы қоқысты бақылаусыз жағу — үлкен апат тудырады. Ауланы тазарту үшін, ауладағы қоқысты өртеп, оны бақылаусыз қалдыру салдарынан сіз айналаңыздағы қаншама затқа орасан зиян әкелетініңізді түсінгеніңіз абзал. Өрт салдарынан адам өміріне де қауіп әкелетініңізді ескеріңіз. Ауладағы көктемдік жұмыстарды атқарғанда және табиғат аясында демалғанда ашық отты пайдалану кезінде аса сақ болыңыздар.

Егер жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 336-бабы бойынша жазаланады. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау — жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады.

Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ