"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Президент

Қазақстан түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуды қолдайды — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Тарихтың дәрістері дамуға бет алған болашақпен үндескенде ғана өркендеу жолына түсеміз. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

 

Қазақстан түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуды қолдайды — Президент
Фото: Ақорда

— Қайталап айтамын: тарихтың дәрістері дамуға бет алған болашақпен үндескенде ғана өркендеу жолына түсеміз. Бұл орайда, Алтын Орданың сан қилы тарихы мен тағдыры мемлекеттердің күш-қуаты түрлі мәдениеттерді нәтижелі гуманитарлық және саяси серіктестіктің бірыңғай жүйесіне біріктіре алуынан көрінетінін еске салады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, осы стратегиялық бағытты ұстана отырып, Қазақстан түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуды, аймақ елдерінің экономикалық және технологиялық әлеуетін нығайту үшін Еуразия кеңістігіндегі өзара ықпалдастық идеясын жан-жақты ілгерілетуді жан-жақты қолдайды.

— Мысалы, 2025 жылы ШЫҰ саммитінде «ТрансАлтай диалогы» бастамасын көтердім. Бұл идея Ресейдің «Алтай — түркілердің ата қонысы» тұжырымдамасымен үйлеседі, — деді Мемлекет басшысы.

Президент Алтын Орда сол кезеңдегі көптеген мемлекетке қарағанда өз дамуында стратегиялық ашықтық қағидатына берік болғанына назар аудартты.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-turk-memleketternn-intimaktastigin-belsend-turde-damitudi-koldaydi-pre-5c3c59c9