"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Таңғажайып ертегі

Ақтөбе мыс компаниясы мен «КазГеоруд» ЖШС Жаңажылқарсаңында Хромтау мен Мұғалжар аудандарының кішкентай тұрғындарына мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Бақша бөбектері, аз қамтылған, мүмкіндігі шектелген, барлығы, шамамен 500 бала компания атынан тәтті сыйлықтар алды. Сонымен қатар, мерекеге орай қызметкерлердің 14 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық баласы да тәттілер алды.

Жақын орналасқан ауыл балаларын қолдау – кәсіпорынның игі дәстүрі. Мысалы, оқу жылы басында Көктау, Майтөбе, Аққұдық, Қопа, Қайыңды және Алтынды ауылдарында бірінші сыныпқа барған балаларға оқу құралдарына толы рюкзактар таратылды. «Мектепке жол» акциясына 3 жыл ішінде 11 миллион теңге бөлінді

«Хромтау-ақпарат»

ПІКІР ЖАЗУ