"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Спорт

КОМАНДАЛЫҚ ЭСТАФЕТА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

КОМАНДАЛЫҚ ЭСТАФЕТА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Тау-кен байыту комбинаты мен кеніш бөлімшелері арасында Ақтөбе мыс компаниясы бас директорының кубогына арналған турнир өтті.
Шағын футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, гір көтеру, турникке тартылу, сондай-ақ үстел теннисі, дойбы, арқан тарту және командалық эстафетадан құралған жарыс бағдарламасы өте мазмұнды болды. Әрбір спорт түрі қатысушылардан төзімділікті, жинақылықты және ұйымшыл командалық жұмысты талап етті.
— Өз ұжымымды мақтан тұтамын. Біздің кеніш жігіттері өздерін тек мықты кеншілер ретінде ғана емес, сондай-ақ спортшылар ретінде де көрсетті. Гір көтеру мен турникке тартылу бойынша ең үздік нәтижелерге қол жеткіздік, — деп «Весенне-Аралчинское» жерасты кенішінің инженер-есепшісі Анар Болатова өз әсерімен бөлісті.
Жарыста тәжірибелі қатысушылармен қатар жаңадан қатысқан командаларға да сәттілік серік болды. Ақтөбе мыс компаниясы теміржол цехының командасы жарысқа алғаш рет қатысып, бірден жеңіске жетті.
— Өте қызықты турнир болды. Теміржол цехы байқауға алғаш рет қатысқанына қарамастан, командалық эстафетада жеңіске жеттік. Мұндай кездесулер бір-бірімізді жақынырақ танып, достасуға мүмкіндік береді, — деді Ақтөбе мыс компаниясының теміржол цехының станция кезекшісі Азамат Усманов.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ляззат АБДИРОВА

ПІКІР ЖАЗУ