ЕҢБЕК ЖОЛЫ — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ
Еңбек қауіпсіздігі мен сапалы маман даярлауды кәсіби қызметінің негізгі бағытынаайналдырған ұстаз, өндірістік оқыту ісініңбілікті маманы Марал Біржановтың еңбек жолы— білім мен өндірісті ұштастырған ұзақ жылғытәжірибенің үлгісі.
Біржанов Марал Қансұлтанұлы 1978 жылыАқтөбе облысы Хромтау ауданының Қызылсуауылында дүниеге келген. Берекесі мен бірлігіжарасқан отбасында тәрбиеленген Марал Біржановбала кезінен еңбекке, үлкенді сыйлауға, кішігеқамқор болуға үйренді. Ата-анасыныңадамгершілігі, қонақжайлығы мен ұлттық салт-дәстүрге деген құрметі оның дүниетанымыныңқалыптасуына әсер етті. Туған жерге дегенсүйіспеншілігі мен елге қызмет етуге дегенұмтылысы да осы тәрбиеден бастау алды.
1995 жылы Қызылсу орта мектебін тәмамдағанМарал Біржанов жоғары білім алуға ден қойды. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде«Инженер-механик» мамандығын меңгеріп, техникалық бағытта білім алды. Кейін С.Бәйішеватындағы Ақтөбе университетін «Тарих, құқықжәне экономика негіздері мұғалімі» мамандығыбойынша аяқтады. Осылайша техникалық жәнегуманитарлық білімді қатар меңгерді.
Еңбек жолын өзі білім алған Қызылсу орта мектебінде мұғалім болып бастады. Ұстаздыққызметі оның жастармен жұмыс істеу тәжірибесінқалыптастырып, ұйымдастырушылық қабілетіншыңдады. 2006 жылдан бері техникалық жәнекәсіптік білім беру саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде Марал Біржанов Хромтау тау-кентехникалық жоғары колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарықызметін атқарады.
Марал Біржановтың қызметіндегі негізгібағыттардың бірі — оқу үдерісін өндірісталабымен сабақтастыру. Осы мақсатта оқу-өндірістік базаны жетілдіруге, дуальды оқытудыдамытуға және жұмыс берушілермен байланыстынығайтуға атсалысып келеді. «Қазхром» трансұлттық компаниясы, Дөң тау-кен байытукомбинаты және ERG құрылымдарымен әріптестікорнату студенттердің өндірістік ортағабейімделуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі өндіріс үшін теориялық біліммен қатар практикалық дағдыны меңгерген, технологияны білетін және қауіпсіздік талаптарын сақтайтын маман қажет. Осы талаптыескере отырып, Марал Біржанов оқу мен өндірістіңбайланысын күшейтуге, студенттердің кәсібидағдыларын тәжірибе арқылы қалыптастыруғажұмыс істейді.
Оның кәсіби қызметіндегі маңыздыбағыттардың бірі — еңбекті қорғау және қауіпсіздікмәдениетін қалыптастыру. Тау-кен металлургиясысияқты еңбек жағдайы күрделі салада қауіпсіздікталаптарын білу кәсіби даярлықтың маңызды бөлігісаналады. Сондықтан колледждегі еңбекті қорғаужұмысы нұсқама өткізумен ғана шектелмей, студенттердің күнделікті оқу-өндірістіктәжірибесіне енгізілген.
Марал Біржанов директордың оқу-өндірістікжұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіменқатар колледждің еңбекті қорғау жөніндегітехникалық инспекторы ретінде де жұмыс істейді. Ол өндірістегі қауіптердің алдын алуға, еңбекжағдайын жақсартуға және қызметкерлердіңқауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуынақатысады.
Бұл бағыттағы еңбегі 2026 жылы республикалық деңгейде бағаланып, «Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор» байқауында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары санаты бойынша I орын иеленді. Байқауда еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өндірістік ортадағы тәуекелдердің алдын алу, кемшіліктерді анықтау және ұжымдық еңбек қауіпсіздігіне қатысуы ескерілді. Марал Біржановтың бұл саладағы тәжірибесі бұған дейін де облыстық деңгейде бағаланған. 2018 жылы еңбекті қорғаужөніндегі техникалық инспекторлар байқауыныңАқтөбе облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды.
Еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәжірибесінжастарға берудің тағы бір тиімді алаңы — WorldSkills чемпионаты. Марал Біржановтыңжетекшілігімен Ақтөбе облысында 2019 жылданбері WorldSkills стандарттарына сәйкес студенттермен жұмысшы жастар арасында «Еңбекті қорғау» құзыреттілігі бойынша облыстық чемпионат өткізіліп келеді.
Марал Біржанов дайындаған студенттер бұлжарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға, соныңішінде I орынға ие болды. Бұл жетістіктер ұстаздыңөндірістік тәжірибені теориялық білімменұштастыра білетінін көрсетеді. Оның ұстаздықеңбегінің нәтижесі шәкірттерінің жетістігіненкөрінеді. Бүгінде колледжде алған білімін өндірістепайдаланып жүрген жас мамандардың кәсібиқалыптасуына Марал Қансұлтанұлыныңтәлімгерлік тәжірибесі өз ықпалын тигізіп келеді. Кәсіби қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 2021 жылғы қаңтарда VII шақырылымдағы Хромтау аудандық мәслихатыныңдепутаты болып сайланды. Аудандық мәслихаттыңәлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтықтәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындақызмет атқарды.
Оның кәсіби қызметі жылдар бойы жоғарыбағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. 2010, 2011, 2012 және 2016, 2025 жылдары Ақтөбеоблысының білім басқармасы басшысының алғысхатымен марапатталды. 2012 жылы елдіңәлеуметтік және қоғамдық дамуына қосқан үлесіүшін алғыс хатқа ие болды. 2014 жылы Ақтөбеоблыстық ғылыми-тәжірибелік орталығыұйымдастырған тарих пәні мұғалімдерінің «Үздіктарихшы-2014» облыстық байқауында Бас жүлденіжеңіп алды. 2018 жылы еңбекті қорғау жөніндегітехникалық инспекторлар байқауының облыстықкезеңінде жеңімпаз атанып, алғыс хатпенмарапатталды. 2019 жылы Ақтөбе облысыныңбілім басқармасы басшысының Құрметграмотасына, сондай-ақ «WorldSkills Ақтөбе-2019» өңірлік чемпионатына белсенді қатысқаны үшіналғыс хаттарға ие болды. Сол жылы Кәсіпқорхолдингі КЕАҚ басшысының, Тау-кен өндірушіжәне металлургиялық кәсіпорындардыңреспубликалық қауымдастығының алғысхаттарымен және Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрінің Құрметграмотасымен марапатталды. 2022 жылы ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың конституциялық реформаны табыстыжүзеге асыруға және Жаңа Қазақстанды құру ісінеқосқан үлесі үшін Алғыс хатын иеленді. Сол жылы«Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы мен Ақтөбе облыстық мәслихатының алғысхаттарымен марапатталды. 2023 жылы «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың алғысхатына ие болды.
Марал Біржановтың көп жылғы еңбегі түрлімерейтойлық медальдар мен төсбелгілерменбағаланды. Олардың қатарында «ҚР Тәуелсіздігіне20 жыл» мерейтойлық медалі, «За весомый вклад в образование», «Ұлт ұстазы» төсбелгілері, ЫбырайАлтынсарин атындағы төсбелгі және «Хромтау ауданына — 85 жыл» мерейтойлық медалі бар. 2025 жылы Хромтау ауданының дамуына қосқанүлесі үшін ауданның 90 жылдығына арналғанмерейтойлық төсбелгімен және кәсіптік-техникалық білім беруге қосқан зор үлесі үшін«Жұмысшы мамандықтар» төсбелгісіменмарапатталды.
Бұл марапаттардың артында Марал Біржановтың білім беру, өндірістік оқыту жәнееңбек қауіпсіздігі саласындағы көп жылғытәжірибесі тұр. Оның кәсіби жолының негізгінәтижесі — өндіріс талабына бейімделген, қауіпсіздік мәдениетін меңгерген жас мамандардыдаярлау және жинақтаған тәжірибесін кейінгібуынға жеткізу.
Қызылсу ауылындағы мектептен басталғанеңбек жолы ұстаздыққа, өндірістік білім беругежәне еңбек қауіпсіздігі саласына ұласты. БүгіндеМарал Біржанов оқу мен өндіріс арасындағыбайланысты нығайтып, студенттердің кәсібидаярлығын жетілдіруге және қауіпсіз еңбекмәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Оның еңбек жолының негізгі мәні де осында — білімі мен тәжірибесін нақты іске айналдырып, кейінгі буынға жол көрсету.
Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ,
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы ұйымының баспасөз хатшысы
