"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғам

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов хромтаулық 5 көпбалалы ананы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады.
Салтанатты шарада аудан әкімі «Алтын алқа» иегері атанған 36 жастағы Рита Анатольевнаға, сондай-ақ күміс алқа иегерлеріне құрмет көрсетті.

—  Тәуелсіздіктің 32 жылында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты құндылықтар қалыптасты. Осы игіліктердің қайнар бастауында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, берекелі тірлікке қамқоршы, тілектес болған аналарымыз бен қыз-келіншектердің тұрғандығы аян. Сондықтан мемлекетіміздің демографиялық дамуына және тек бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің ең басты байлығы — адами капиталының артуына үлкен үлес қосып, көпбалалы ана атанып, ұрпақтың ертеңі үшін, «барым балам үшін» деген сіздерді бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз, — деді Н.Тілеумұратов.

Сыйлық иегерлері төленіп жатқан балалар жәрдемақысы мен көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер үшін алғыс айтып, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді.

Толғанай ЕСБОЛСЫН

 

ПІКІР ЖАЗУ