"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУІ ТИІС

Өткен аптада ҚР АШМ АӨК МИК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Шайхиевтің төрағалығымен ҚР АШМ АӨК МИК Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының және ҚР АШМ АӨК МИК Хромтау аудандық филиалының «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарының сақталуы талқыланды.

Қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сондықтан, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның нормаларын сақтау керек.

Н.Әлмұратов, ҚР АШМ АӨК МИК Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

ПІКІР ЖАЗУ